Тәуелсіздікке – 30 жыл: Облыстық эссе байқауы өтеді

2584

0

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай жалпы білім беру ұйымдарының оқушылары арасында облыстық ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік – тірегім» атты эссе байқауы өтеді.

Байқаудың мақсаты – этнос жастарын еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жетістіктерімен таныстыру, әлем таныған ел екенін дәлелдеу, білімін кеңейту.

Жастардың бойында туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру. Мемлекеттік тілді үйрену арқылы жастарды патриоттыққа тәрбиелеу және балалардың қоғамдық белсенділігін арттыру.

Байқауға жалпы білім беру ұйымдары 6-9 сынып оқушыларының этнос жастары қатыса алады. Толық ақпарат алу үшін 8(7242) 70-03-69, 8 700 651 02 82 нөмірлеріне хабарласуға болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<