Талайды тақырға отырғызды

340

0

Айла-шарғының әбден асқынған шағы болып тұр. Бас прокуратураның баспасөз қызметі 1345 азаматқа 6 млрд теңгеден астам залал келтірген қаржы пирамидасына қатысты деректі жариялады. Нақтырақ айтсақ, бас прокуратураның Арнайы прокурорлар қызметі «QI Trade Kazakhstan» (Qarat Invest) қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты қылмыстық істі тергеп-тексерді.

Олардың бас офисі Алматы қаласында орналасқан, сондай-ақ өңірлерде 12 филиал жұмыс істеген.

«AMAZON» (АҚШ) бүкіләлемдік алаңында сауда жасау деген атпен сенімгерлік басқару негізінде азаматтар процент түрінде одан әрі кіріс алу үшін ақша салған.

Салымшыларға салым сомасына байланысты жылдық 96%-ке дейін пайда уәде етілген. Соның салдарынан 1345 азаматқа 6 млрд теңгеден астам сомаға залал келтірілген.

Азаматтарды алдау схемасын жасағандардың, сондай-ақ компанияның бас офисі және филиалдары басшыларының кінәсін прокуратура дәлелдей алды.

Нәтижесінде Бостандық аудандық сотының үкімімен 15 адам бас бостандығынан айырудың нақты мерзімдеріне жаза (6 жылдан 7 жылға дейін) тағайындаумен кінәлі деп танылды.

Бас прокуратура азаматтарды қырағы болуға, күмәнді ұйымдарға ақша салудан бас тартуға шақырады.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<