Тарифтік төлем құны орта деңгейде, дегенмен күрмеулі мәселелер де жоқ емес

267

0

Жуырда Елбасы қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысында электр және жылу энергияларының қолданыстағы тарифі мен энергетикалық қызмет нарығындағы бағаның белгіленуіне бақылау жасайтын мемлекеттік органдардың қызметін сөз етіп, коммуналдық төлем тарифтерінің жоғары екендігін баса айтқан болатын. Қауіпсіздік кеңесінің отырысынан кейін Үкімет бірден тарифтерді төмендету және жалпы тариф жасау жүйесінің ашықтығын қамтамасыз ету бойынша нақты шараларды айқындады. Осы ретте, өңірде ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің облыс бойынша департаменті бастамасымен «ҚЭТТК» АҚ қызметінің тексеру нәтижесі бойынша арнайы жиын өтті. 

Онда «ҚЭТТК» АҚ-ның басқарма төрағасы Мұхиджан Кәрімбаев 2016-2017 жылдардағы прокуратура тексерісі бойынша анықталған мә­лі­меттерді жария етті. Айтуынша, тексеру барысында бекітілген та­рифтік сметаның орындалмау фактісі анықталған. Мәселен, баптар бойынша шығындар 55,9 млн теңгені құрауда. Оның ішінде арнайы киім мен жеке қорғаныс құралдары 1,06 млн теңге, салықтар 51,82 млн теңгені көрсетіп отыр.

– Баптардың орындалмауының басты себебі, шикізат, материалдар шығысы нормаларының игерілмеуі, ин­вестициялық міндеттемелердің орын­далмауы, ұялы байланыс қызмет­терінің алынып тасталуы. Тексеру нәтижесінде бұдан бөлек, Еуропалық қайта құру және даму банкінің не­сиелік келісім-шартына сәйкес ерікті сақтандырудың, жылжымайтын мү­лікті мемлекеттік тіркеуде заңдық сүйемелдеудің, ұрланған материалды-тауарлық құндылықтарды есептен шығарудың сомаларын шығындарға негізсіз енгізу фактілері де анық­талды. Жалпы сомасы 73 млн теңге шығындар бөлігінен алынды. Ал, су­бъектінің тарифі 0,2 процентке тө­мендеді, – деді М.Кәрімбаев.

Бүгінде облыстық прокуратураның ұсынысы негізінде департаменттің бұй­рығымен 2018 жылдың 1 тамызынан бастап жалпы тариф 0,011 теңгеге немесе 0,22 процентке тө­мен­детілумен қатар 4,934 теңге мөл­шерінде уақытша өтемді тариф енгі­зілген.

– Тарифтік сметаның орындал­мауынан уақытша өтемді тариф ен­гізіліп отыр. «ҚЭТТК» АҚ-ның не­гізгі қызметі – электр энергияны та­сы­малдау. Электр энергияның ба­ға­сына осы тасымалдау кіреді. Осы­ған сәйкес, «ҚЭТТК» АҚ-ның тарифі төмендегеннен кейін, сәйке­сінше, электр энергияның бағасы да тө­мен­дейді. Мысалы, қалада 1-тамыздан бастап «ЭнергоСервистің» бағасы тө­мендеді. Орташа босату бағасы қо­сым­ша құн салықсыз 15 теңге 84 тиын болса, қазір 15 теңге 79 тиынға түсті.  Сондай-ақ, 1-желтоқсаннан бастап «Қызылордажылуэлектрорталығына» да уақытша өтемді тариф енгізіледі. Қолданыс тарифтен айырмашылығы 1-2 процентке төмендетілген. Тұр­ғын­дар жылуға 1 шаршы метрге 111 теңге төлесе, қазір 109 теңге 99 тиын төлейтін болады, – деді ТМРжБҚ комитетінің облыс бойынша депар­таменті басшысының міндетін атқару­шы Гүлмира Өтегенова.

Тексеріс кезінде бұдан бөлек, бе­кі­тілген тарифтік сметаға кернеу тұ­рақтамауынан үшінші адамға залалы үшін азаматтық-құқықтық жау­ап­тылығын ерікті сақтандыруға 2 млн 696 мың теңге, мүлкін тіркеу және заң қызметтеріне 2 млн 800 мың теңге, күрделі жөндеу есебінен 35/10 кВ «Тасбөгет» ҚС-на «Миком» маркалы релесін орнатуға 6 млн 102 мың теңге, барлығы 11 млн 598 мың теңге негізсіз шығындар енгізу деректері де анықталуда.

Қазіргі таңда табиғи монополиялар туралы заңнаманы бұз­ғаны үшін «ҚЭТТК» АҚ әкімшілік жауап­тылыққа тартылып, 5,59 млн теңге мөлшерінде айыппұл салынған. Жалпы Қызылорда облысы өзге өңір­лермен салыстырғанда тарифтік төлем бағасы бойынша орташа дең­гейде тұр.

>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<