Төлем карталары таратылуда

474

0

15 желтоқсан мен 15 қаңтар аралығында «Халыққа сапалы қызмет және қауіпсіз жол» акциясы өтуде.

Осыған орай, қоғамдық көліктерде халыққа төлем карталары тегін таратылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Айта кету керек, Қызылорда қаласында жол көлік инфрақұрылымын дамыту және қала тұрғындарының негізгі мәселелерін шешу мақсатында 2022 жылы соңғы үлгідегі үлкен сыйымдылықтағы 100 дана автобус жеткізілді.

Қалған 50 автобусты ақпан айында жеткізу жоспарланған. Сонымен қатар, аймақ басшысының тікелей қолдауымен биыл тағы 150 автобус алуға 1 млрд. 434 млн. теңге бөлінді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<