Түсіндірме жұмыстары жүргізілді

484

0

Облыстық ҚАЖ департаментінің №60 мекемесіне сот үкімімен жыл басынан 70-тен астам жазасын өтеуші азаматтар жіберілген. Мекемеге қабылданғандар 15 тәулікке дейін карантин бөлімінде болады.

Олардың мекеменің карантин бөлімшесінде болуы психологиялық ерекшеліктерін зерттеу, жалпы білім деңгейін анықтау, жаза өтеу тәртібі мен шарттарымен танысуы, сондай-ақ, денсаулық жағдайын тексеру және санитарлық-гигиеналық шараларды өткізу үшін пайдаланылады. Мекеменің қызмткерлері оларды қабылдап, түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. 

Осы тұрғыда есепке алу бөлімінің бастығы, әділет майоры Н.Молдағалиқызы арнайы қабылдап, жеке істері бойынша сұрақтарына жауап беріп, жаза өтеудің тәртібі мен шарттары туралы түсіндірме жұмысын жүргізді. 

– Жаза басып жаңылып, сотты болдым. Жаза мерзімімді  өтеуге осы мекемеге жіберді. Мекеме қызметкерлерінің жеке қабылдауы барысында сұрақтарыма жауап алып, ішкі тәртіп пен рұқсат етілген сәлем-сауқат туралы толық ақпарат алдым. Карантин режимінде толық тексерістен өтіп, енді белгіленген жасаққа аттанғалы отырмын. Қылмыстың өтеуі жаза екені анық. Жасаған ағаттығым үшін өкінемін, – деді Р. есімді азамат.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<