Тұтынушы өз құқығын білуі керек

702

0

Аймақта жыл басынан бері тұтынушылар құқығын қорғау департаментіне 286 арыз-шағым түскен. Олардың көбі тұрмыстық қызмет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, қоғамдық тамақтану, бөлшек сауда саласына қатысты. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте облыс бойынша тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің басшысы Ерқасым Сүлейменов баяндады.

Брифингте сала басшысы құзырлы органга түскен өтініштердің 209-на жауап берілгенін және 32-сі түсіндіріліп, 45-і басқа мемлекеттік органға жолданғанын айтты. Нәтижесінде тұтынушыларға 3,4 млн теңгенің қаражаты қайтарылған.

– Жыл басынан бері тұтынушылардың құқығын қорғау сұрақтары бойынша үйлестіру комиссиясының төрт отырысы өтті. Онда тұтынушылардың проблемалық мәселелері талқыланды. Сондай-ақ  тұтынушылар мен бизнес субъектілерінің құқықтары мен міндеттері туралы дөңгелек үстелдер, ашық есік күндері, кездесулер тұрақты түрде өтіп тұрады. Сонымен қатар, Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының биылға арналған жоспарында «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңының жобасын және оған ілеспе «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірлеу көзделген. Бұл ретте уәкілетті органмен Заң жобалары әзірленіп, тиісті мекемелермен бірге талқылануда, – деді Ерқасым Жайбергенұлы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<