Бәйге: Іріктеудің алғашқы кезеңі Қызылордада өтті

7

0

Сенбі күні Қызылорда қалалық ипподромында бәйгеден Қазақстан чемпионатының І іріктеу кезеңі өтті. Жүйріктердің басты додасына еліміздің барлық аймағынан 150-ге жуық шабандоз қолтума құнан бәйге, құнан бәйге, топ бәйге, аламан бәйге, қолтума аламан бәйге бойынша бақ сынасты.

Оған облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешев, ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және денешынықтыру істері ко­ми­тетінің төрағасы Руслан Есен­а­лин, ҚР Бәйге федерациясының вице-президенті Мұрат Өсербаев, ҚР Грек-рим, еркін және әйел­дер күресі федерациясының бі­рін­ші вице-президенті Дархан Сәрсенов, облыстық денешы­нық­тыру, спорт және туризм бас­қар­масының басшысы Бақтияр Артаев арнайы қатысты.

Ардақ Зебешев ұлттық спортты дамытуда ат бәйгесінің ерекше маңыздылығына тоқталып, шабандоздарға сәттілік тіледі.

– Қазақ ұғымында жылқы қашан да тектіліктің белгісі саналады. Сондықтан да ат бәйгесі – көшпелі халықтың мә­дени дәстүрінен тамыр тарта­тын ұлттық спорттың ең негіз­гісі. Бүгінде Сыр өңірінде 30 мыңға жуық спортшы ұлттық спортпен жүйелі түрде шұғыл­данып, халықаралық және рес­публикалық жарыстарда топ жа­­рып жүр. Олардың қатарын­да қазақ күресінен Ұлан Рыс­құл, Мақсат Исағабылов, Нұрым Сә­лімгереев, Еңбек Сақта­ған­ов, Руслан Теміржан, тоғыз­құ­­­малақтан Бексұлтан Бостан­дық­ов, алыш күресінен Назерке Әбіл­таева, көкпардан өңір тари­хында тұңғыш рет Әлем чемпио­натында тарихи нәтиже көр­сет­кен Медетбек Балғынбек бар. Осы ретте, ата-бабамыздан ама­нат болған ұлттық дәстүрді қас­терлеп жүрген барша бапкер­лерге, шабандоздарға және спорт жанашырларына зор алғыс білді­ремін, – деді Ардақ Темір­ханұлы.

Шарада Руслан Бахыттыұлы, Мұрат Өсербаев және Дархан Сәрсенов сөз сөйледі.

«СБ» ақпарат