Медициналық көмектің тиімді жүйесі

5

0

Еліміздің денсаулық сақтау жүйесінде ал­ғашқы медициналық-санитарлық көмекті (АМСК) дамыту мақсатында бірқатар нормативтік-құ­қық­­тық актілер қабылданған. Соның ішінде №11 бұй­рық патронаж қызметін ұйымдастыруда ма­ңызды орын алады. Бұл бұйрық ана мен бала ден­сау­лығын қорғауға бағытталған үй жағда­йын­дағы медициналық көмектің тиімді жүйесін қалып­тас­тыруға мүмкіндік береді.

Патронаж мейіргері – жүкті әйелдерге, жаңа туған нәрестелерге және ерте жастағы балаларға медициналық көмекті үй жағдайында көрсететін орта буын медицина қызметкері. Оның негізгі мақ­саты – аурудың алдын алу, қауіп факторларын ерте анықтау және халықтың денсаулығын нығайту.

Патронаж мейіргерінің қызметі жүкті әйел­дерді бақылаудан басталады. Жүктіліктің ерте кезеңінде әйелдерді тіркеуге алып, ден­саулық жағ­дайын бағалайды. Дұрыс тамақтану, жеке бас гигие­насы және жүктілік кезінде өзін-өзі күту бойынша кеңес береді. Бұл ана мен баланың денсау­лығын сақтауға ықпал етеді.

Жаңа туған нәрестелерге патронаж ерекше маңызға ие. Перзентханадан шыққаннан кейін ал­ғашқы күндері мейіргер үйге барып, баланың жалпы жағдайын бағалайды. Тыныс алуын, те­рі­сінің жағдайын, тамақтануын және салмақ қосуын бақылайды. Ана сүтімен қоректендіруді ұйым­дастыру, анасына кеңес беру де – патронаж ме­йіргерінің маңызды қызметтерінің бірі. Бес жасқа дейінгі балалардың өсуі мен дамуын тұрақты ба­қылауда ұстайды. Баланың физикалық және пси­хомоторлық дамуы бағаланып, қажет болған жағдайда дәрігерге бағытталады. Вакцинация мә­селесі де мейіргердің бақылауында болады. Ол ата-аналарға екпелердің маңызын түсіндіріп, балаларды уақытылы иммундауға шақырады.

№11 бұйрыққа сәйкес патронаж қызметі үш деңгейде жүзеге асырылады: әмбебап, таңдамалы және күшейтілген патронаж. Әмбебап патронаж барлық балаға жүргізіледі, ал таңдамалы және күшейтілген патронаж қауіп тобына жататын балалар мен отбасыларға бағытталған. Бұл тәсіл медициналық көмекті тиімді жоспарлауға және тәуекелі жоғары топтарға ерекше назар аударуға мүмкіндік береді.

Тағы бір маңызды міндеті – әлеуметтік-медициналық қолдау көрсету. Ол отбасының тұрмыстық жағдайын бағалап, қажет болған жағдайда әлеуметтік қызметтермен бірлесіп жұмыс атқарады. Бұл әсіресе, әлеуметтік жағдайы төмен немесе көпбалалы отбасылар үшін маңызды.

Құжаттаманы дұрыс жүргізу де – патронаж қызметінің ажырамас бөлігі. Мейіргер бақылау нәтижелерін медициналық құжаттарға және ақ­параттық жүйелерге тіркейді. Бұл деректер арқылы па­циент жағдайының динамикасы бақыланады.

Патронаж мейіргерінің қызметі ана мен бала денсаулығын қорғауда өте маңызды. Ол про­филактикалық бағыттағы жұмысты жүзеге асырып, халықтың медициналық сауаттылығын арт­тыруға ықпал етеді.

Ғазиза АБДРАЗАҚОВА,

№1 қалалық емхана патронаж

мейіргері