Қазақстанда енді жүргізуші куәлігі емтиханында заң бұзғандарға бір жылға шектеу енгізіледі

11

0

Фото: Freepik.com

Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу ережелері күшейтілмек. Енді емтихан кезінде микроқұлаққап, жасырын камера сияқты тыйым салынған құралдарды қолданғандар бір жылға дейін қайта тапсыру құқығынан айырылады. Бұл туралы  Stan.kz  ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жаңа өзгерістерге сәйкес, әкімшілік жауапкершілік нормалары енгізіледі. Жаза тек емтихан тапсырушыларға ғана емес, жүргізуші куәлігін заңсыз алуға көмектескен тұлғаларға да қарастырылған.

Сонымен қатар жүргізуші куәлігіне емтиханды ақылы түрде шексіз рет тапсыру мүмкіндігі беріледі. Бірақ әр әрекет арасында кемінде 10 күн үзіліс болуы тиіс. Қазіргі таңда қазақстандықтарға үш рет тегін тапсыру мүмкіндігі берілген, ал екі рет сәтсіз тапсырғаннан кейін үшінші мүмкіндікті пайдалану үшін 30 күн күту қажет.

Теориялық емтиханға қосымша шынайылық технологиялары (AR) енгізілмек. Ал практикалық бөлімде компьютерлік көру (Computer Vision) жүйесі қолданылып, ереже бұзушылықтарды автоматты түрде анықтайды. Бұл жаңашылдықтар емтихан кезінде заңсыз әрекеттердің алдын алуға бағытталған.

Сондай-ақ теориялық тест сұрақтарының сапасы мен тиімділігін анықтау үшін арнайы зерттеу жүргізіледі.

Аталған өзгерістерді Қазақстанның Цифрлық даму министрлігі мен Ішкі істер министрлігі бірлескен кеңесте қарап, бекіткен.

Бұдан бөлек, жүргізуші куәлігіне емтиханды шексіз рет тапсыруға болады. Алғашқы үш әрекет тегін. Одан кейін емтиханды шектеусіз қайта тапсыруға рұқсат етіледі, бірақ әр келесі (ақылы) әрекет арасында кемінде 10 күндік үзіліс болуы тиіс. Бұған дейін үш рет сәтсіз тапсырғаннан кейін қайтадан авто мектепте оқудан өту міндетті еді. Билік өкілдерінің айтуынша, дәл осы талап кейбір адамдарды пара беруге итермелеген. Енді теориялық емтиханға толықтырылған шындық технологиясы енгізіледі. Ал практикалық кезеңде үміткердің қателіктерін автоматты түрде тіркейтін компьютерлік көру жүйесі қолданылады. Сондай-ақ авто мектептер үшін міндетті лицензиялау енгізіледі. Егер оқыту сапасы төмен болса, лицензия толықтай кері қайтарылуы мүмкін.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандықтар алғашқы жүргізуші куәлігін алуға өтінішті онлайн бере алатынын жазған едік. Жүйе қажетті құжаттарды автоматты түрде тексеріп, емтиханға жазылу процесін жеңілдетеді. Қызмет пилоттық режимде 2026 жылдың 1 қыркүйегіне дейін іске асады.