Үндеу

265

0

        «Мен саған есірткі жайлы айтып беремін» атты облыстық шығармашылық байқауына Есірткі… Есірткі қазіргі кезде көптеген адамдар тұтынатын улы зат. Бұл заттың жамандық әкелетініне, әсіресе денсаулығымызды құртатынын біле тұра қолданатын адамдар өте көп. Соның ішінде жасөспірімдерден бастап қарттарға дейінгілер қолданады.Сондықтанда мен бүгінгі шығармамда есірткі жайлы нақты ақпарат бергім келіп отыр.

Ішімдік пен құрамында никотині бар басқа да өнімдер жеке бас денсаулығыңа ғана емес өзіңді қоршап тұрған ортаға деген үлкен қиянат . Өз денсаулығыңызды құртып, өзіңізге кесел табасыз. Біріншіден кез келген есірткі ең алдымен жүйке жүйесіне, миға шабуыл жасайды.Уақыт өте келе ми клеткалары өле бастайды. Миға шабуыл жасағаннан кейін  өкпе,бауыр, бүйрек ауру табады. Бұл жерлерде ерекше ісік пайда болуы мүмкін.Есірткіні ең алғаш пайдаланған адамда тек жүкелік тәуелділік пайда болады. Кейін ол физикалыққа ауысып кетеді. Осы екеуінің арқасында психологиялық тәуелділік пайда болады. Мұндай жағдайда нашақор есірткіні ұзақ уақыт бойы пайдаланғанбағанда көңіл күйі төмендеп, өз өзіне сыймай кетеді және есірткіні пайдаланғанда рахаттану мен ләзат алу сезімі пайда болады. Уақыт өте келе нашақор адам есірткіге мүлдем тәуелді болып қалады. Бұл кеселді емдеу жолдары өте аз, бірақ есірткінің қандай әсер беретінін біле тұра тұтынатын адамдар өте көп. Сондықтан қоғам оған қарсы әрекет жасау керек. Оған тосқауылды қалай қоюға болады. ҚР қылмыстық кодексінің 297 бабына сәйкес есірткі , психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту ,не өткізу мүлкі тәркіленіп бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылып жазаланады. Сол себепті өз өміріңізге балта шаппай денсаулығыңызды қарап, өміріңізді басқаша өзгертуге жол ашыңыз. ӨЗ ӨМІРІҢІЗ ӨЗ ҚОЛЫҢЫЗДА !!!

#есірткігеқарсы

Мерей Тетебаева, №105 мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы, Қармақшы ауданы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<