Үш жақты меморандумға қол қойды

379

0

Фото: Жастар ресурстық орталығы

Жазасын өтеген және пробация қызметі есебінде тұрған жастарды қоғамға қайта бейімдеу және олармен жұмысты үйлестіру мақсатында облыстық Жастар ресурстық орталығы, Қызылорда қалалық пробация қызметі және Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту орталығымен үш жақты өзара серіктестік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып, бірлескен жылдық жоспар бекітілді.
Бекітілген жоспар аясында:

қылмыстық жазасын өтеген және пробациялық бақылаудағы жастарға тегін құқықтық, психологиялық, медициналық және әлеуметтік көмек көрсету;

жазасын толық өтеп шыққан және пробация қызметінің есебіндегі сотталған азаматтардың құжаттарын рәсімдеуге көмектесу;

шеберлік сағаттарын өткізу;

кәсіби бағдар беру;

қысқа мерзімді оқыту курстарын ұйымдастыру;

қайтарымсыз несие алу жолдарының заңдылықтарын түсіндіру;

есепте тұрған жастардың салауатты өмір салтын ұстануы, зиянды әдеттердің алдын алуға бағытталған спорттық шаралар ұйымдастырылып, нәтижелі жұмыстар жүргізілмек.
Жиын барысында Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту орталығы директорының орынбасары Ә. Орынбасаров жастардың әлеуметтенуі үшін қабылданып жатқан шараларды қолдайтындығын жеткізіп, үш жақты келісім аясында жасалатын жұмыстарға сәттілік тіледі. Сонымен қатар, Қызылорда қалалық пробация қызметі бөлім бастығының орынбасары, әділет капитаны Г. Байсариева аталған санаттағы жастармен жұмыс жасауда өзекті мәселелерге тоқталып, түрлі бағытта жұмыс жасайтындықтарын жеткізді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<