Үшем дүниеге келді

584

0

Шымкент қаласында үшем дүниеге келді. 27 жастағы бақытты ана Гауһар Нарметова қыз балаларды дүниеге әкелді.

Қалалық Денсаулық сақтау басқармасынан мәлім еткендей, бұл, жыл басынан бері Шымкентте дүниеге келген алтыншы үшем.

«Лейла, Лейсан және Луиза есімді сәбилердің қазіргі жағдайы қалыпты. Жас ана қарашаның 25-сі күні 35 апталық кезінде ота тәсілімен туды. Операцияны Перинаталды орталықтың білікті акушер-гинекологы Сауле Дүйсенбаева жасады. Нәрестелердің туғандағы салмақтары 1490-2490 грамм болды», – деді басқармадан.

Босанған әйел мен үшем 20 күн бойы қалалық Перинаталды орталықта дәрігерлердің бақылауында болған. Денсаулық жағдайлары жақсарған соң, олар кеше үйлеріне шығарылды.


ҚазАқпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<