«Үздік ҚМЖ – 2021» байқауының жеңімпаздары марапатталды

1312

0

3 желтоқсан күні «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жаңартылған бағдарламалар бойынша сертификатталған мұғалімдердің Бағдарламаның түйінді идеяларын сындарлы оқыту үдерісіне енгізудегі үлгілі педагогикалық тәжірибелерін анықтау және насихаттау мақсатында өткізілген «Үздік қысқа мерзімді жоспар – 2021» облыстық байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Байқау Қызылорда облысы бойынша филиалында жемісті еңбек еткен, ұлағатты ұстаздар, білікті тренерлер Еркін Дүйсенбаев пен Оразбек Маханбетовты еске алу мақсатында ұйымдастырылды.

Байқауға аудандық, қалалық білім бөлімдерінің ұйымдастыруымен өткізілген бірінші кезеңде жүлделі бірінші, екінші орындарды иеленген 150-ге жуық пән мұғалімі қатысты.

Ұлағатты ұстаздар, білікті тренерлер Еркін Дүйсенбаев пенОразбек Маханбетовтың жұбайлары Қымбат Маханбетова мен Айсұлу Пазыловаға педагогикалық еңбек жолында кәсіби шеберлігі мен бай тәжірибесі арқылы білім саласының дамуына және шәкірттеріне ұлағатты тәрбие мен терең білім беруде қосқан үлесі үшін Құрмет грамотасы табысталды. Айсұлу Пазылова институт кітапханасына Оразбек Маханбетов жайлы «Текті әулеттің тұяғы» естілік кітабын сыйға тартты.

Озық нәтиже көрсеткен пән мұғалімдеріне арнайы номинациялар бойынша Дипломдар мен Алғыс хаттар тапсырылды.

Оразбай Орманов,

«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша

филиалының аға оқытушысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<