Үздік туындылар таңдалды

383

0

Қала күні мерекесі аясында  Б.Шөкенов атындағы саябақта «Қызылорда – таланттылар қаласы» атты облыстық дәстүрлі фотографтар байқауы өтті.

Байқауға кәсіби және әуесқой  фотографтар қатысып, өз еңбектерін ұсынды.

Шараның негізгі мақсаты – қаламыздағы тарихи ескерткіштер, көпшілік-мәдени орындар мен қала тұрғындарын суретке түсіріп, шаһар шырайын бейнелейтін туындыларды ел назарына ұсыну.

Фотографтардың назарына іліккен суреттер ерекше болды. Түрлі тақырыпты қамтыған еңбектер жоғары бағаланды.

Байқау нәтижесі бойынша  Оксана Черникованың туындысы үздік атанып, бас жүлдені жеңіп алды. Ал бірінші және екінші орынды Қайрат Шалтақбаев пен Сергей Коновалов иемденді. Наталья Голованова үшінші орынды еншілеп,  Болат Омаралиев атындағы арнайы номинациямен марапатталды. Ал «Қас қағым сәт – бір өмір» номинациясын Дамир Шакиев  жеңіп алды.

Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жағыпар Тәжмаханов шараның маңыздылығына тоқталып, жеңімпаздарды марапаттады. Оларға қала әкімінің Алғыс хаттары мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Сара АДАЙБАЕВА,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<