«UMC» корпоративтік қорының жұмысымен танысты

1023

0

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Сақтағанов Нұрымбет Аманұлы мен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Искаков Олжас Ермекұлы жұмыс сапарымен Талсуат елді мекенінде орналасқан «UMC» корпоративтік қорының Қызылорда облыстық филиалына барды.

Кездесуде филиал басшысы Айтымбетова Гүлдана Мейірбекқызы облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов пен аймақтың бас дәрігері Олжас Искаковқа «UMC» корпоративтік қорының Қызылорда облыстық филиалының атқарылып жатқан жұмыстарымен таныстырды.

Сондай-ақ, Гүлдана Мейірбекқызы өзі басқарып отырған мекеме жайын баяндай отырып, шешімін таппай жүрген мәселелерін де айтып өтті. Өз кезегінде облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Аманұлы мен денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Ермекұлы орталық жұмысымен мұқият танысып, мәселелердің шешімін табуына ықпал жасайтындықтарын жеткізді. Сонымен қатар, Нұрымбет Аманұлы тарапынан орталық қызметкерлеріне әрбір науқастың жағдайы ескерусіз қалдырмау керектігі айтылып, бірқатар нақты тапсырмалар берілді.

Одан соң Нұрымбет Аманұлы емделуші бала Нұрқанат Төлепбергеннің «Тұсаукесер» рәсіміне қатысып, қазақтың салт дәстүрі бойынша тұсауын кесті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<