Уақыт сұранысына үндестік

382

0

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отыры­сында Қазақстан халқына кезекті Жолдауын арнап, онда елдің алдағы кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарына тоқталды.

Егемен еліміздің тұрақты дамуын қамтитын, барлық салаға тың серпін беретін, халқымыздың игілігін көздейтін шынайы іс-жоспарға құрылған құжатта күрделі кезеңде бөлінетін әрбір теңгенің қайтарымының мол болуына қол жеткізу керектігі айтылды.

Президент Жолдауында біршама жаңа бастамалар көрініс тапты. Біріншіден, мемлекеттік қаржыны басқару тұжырымдамасы. Бүгінгі мемлекеттік қаржыны жұмсау және оны бақылау тәртібіне үлкен мән берілді. Ұлттық қордан бөлінетін қаражат, одан кейін бюджеттен әртүрлі бағдарламаларға берілетін қаражаттың барлығын бақылау және оны тиімді басқаруға байланысты жаңа бастама айтылды. Екіншіден, цифрлық үкіметтің жаңа архитектурасын құру. Яғни, барлық қызметтерді, әсіресе квазисектордағы ұйымдарға цифрлық қызметтің барлығын қолжетімді етіп, цифрландыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, Президент мемлекет мұғалімдерді қолдау саясатын жалғастыратынын атап көрсетті. Білім және ғылым министрлігінің алдында оқу бағдарламаларын жаңа жағдайға бейімдеу, білім сапасын қамтамасыз ету міндеті тұр.

Сонымен қатар, Жолдауда айтылған ғылым саласын дамытудың маңызына тоқталғым келеді. Ғылым саласына үшжылдық грант беруді 5 жылға дейін созу мәселесі орынды қозғалды. Бұл өз кезегінде іргелі зерттеулерді жүргізуге, тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Қалқазбек ӘЖІБЕКОВ,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,

қаржы саласының үздігі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<