Әйелдер кеңесінің жұмысы пысықталынды

488

0

Жергілікті әскери басқару органдарының құрылғанына 100 жыл толуына орай Қызылорда облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінде  Әйелдер кеңесінің отырысы өткізілді. Шараға қорғаныс департаментінің бастығы полковник Е.Байболов, орынбасарлары полковник Е.Қуанышбаев, полковник Ғ.Шалтыков және әріптес әскери қызметшілердің әйелдері қатысты.
Алдымен, ҚІЖД бастығының орынбасары, тәрбие және идеологиялық жұмыстар бөлім бастығының міндетін уақытша атқарушы майор Н.Искакованың баяндамасы тыңдалды. Баяндамада әйелдер кеңесінің жыл көлемінде атқарылған жұмыстары барысына тоқталды.
Сонымен қатар, әлеуметтік-тұрмыстық сипаттағы, яғни, әскери қызметшілердің әйелдерін жұмысқа орналастыру, балаларды мектепке және балабақшаға беру, сыбайлас жемқорлық, қылмыстық құқықбұзушылық шараларын алдын – алу сынды мәселелер талқылана отырып, заңдық тұрғыдан мәселелердің өз шешімі табылды.
Сержант С.Есимовтың жары Алтынай Бекетова, әскери қызметші ер-азаматтардың әйелдері атынан сөз сөйледі.
– Жазушы М.Мағауин: «Әлемдегі ең сұлу – қазақ әйелі: менің жарым, менің анам, менің қызым. Қазақты қазақ қылған осы әйел болатын, сұлу ғана емес, сымбатты, мінезді, ақылды, адал жар, абзал ана, ағайынға қамқор, ауыл-аймаққа құт, ердің мақтаны, елдің көркі, – дейді.
Тарих беттерінен сыр шертсек, қазақ халқының аналары дана да, дара болған. Бойындағы ақылымен, көрегенділігі арқылы  ерінің жақсы жетістіктерге жетуіне өз септігін тигезе білген.
Осы мақсатта, Отанның  қорғаушысы, елдің тыныштығы мен бірлігін қас қақпай күзететін әскери саладағы  жұбайларымызға кез-келген жағдайда қолдау мен сенім  білдіре отырып, жұмыстарына түсіністікпен қарағанымыз жөн – деп ойлаймын.
Сонымен қатар, бүгінгі жиында көптеген тәрбиелік маңызы зор мәселелер қозғалды. Әрі қарай  әйелдер кеңесінің жұмысына өз үлесін қосуға дайын екенін жеткізді.
Шара соңында, департамент бастығы полковник Еркінбек Серғалиұлы: алдағы уақытта әйелдер кеңесінің жұмысын әрі қарай жоғарғы деңгейде жандандыруға тапсыра бере отырып, назардан тыс қалдырмай қадағаланатынын айтты.
Қызылорда облысы қорғаныс істері
жөніндегі департаменінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<