Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

379

0

Қазіргі таңда филиалда ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды жалпы ортаға қосу, облыстағы инклюзивті білім беретін мекемелердің үлесін көбейту, инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамытуға бағытталған ауқымды жұмыстар атқарылуда.

Бүгін «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалы мен №5 көру қабілеті бұзылған балалардың арнайы (түзету) мектеп-интернаты арасындағы ынтымақтастықты және әріптестікті нығайту туралы Меморандумға қол қойылды.

Меморандумның мақсаты – оқу үдерісінің практикалық бағытын күшейту, инклюзивті білім беру бойынша білікті мамандарды даярлау сапасын жақсарту, сонымен бірге ғылыми-зерттеулер жүргізу, әдістемелік нұсқаулар дайындау, педагогикалық тәжірибеде ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқытуға қажетті дағдылар мен құзыреттіліктерін дамытуға бағыт беру және олардың нәтижелерін оқу үдерісіне енгізу.

Кездесуде интернат педагогтерін әдістемелік қолдау, ғылыми тұрғыда іс-шаралар өткізуге екі жақты келісім жүргізіліп, институт директоры Бауыржан Елеусінов пен мектеп-интернат директоры Жамбыл Ахметов арнайы құжатқа қол қойды.

Кездесу барысында арнайы (түзету) мектеп-интернатымен әріптестікті орнату және нығайту мәселелері кеңінен талқыланды. Алдағы уақытта филиал тренерлерінің қолдауымен интернат педагогтеріне әдістемелік кеңес беру қызметтері, ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп, ұйымның сұранысы бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамытатын біліктілік арттыру курстары мен оқыту семинарларын өткізу жоспарланды.

Ынтымақтастық туралы Меморандум «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалы мен №5 көру қабілеті бұзылған балалардың арнайы (түзету) мектеп-интернатының арасындағы бірлескен жұмыстардың бастамасы болатынына, үлкен мүмкіндіктер ашатынына сенімдіміз.

Айгүл Қозбахова,

«Өрлеу» Қызылорда

облысы бойынша

филиалының тренері

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<