Заңдағы өзгерістер сапаны жақсартады

273

0

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-конференцияда облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Жанзира Ерсейітова жиынға қатысушыларды саладағы заңға енгізілген өзгерістер бойынша  хабардар етіп, олардың қойған сауалдарына жауап берді.

Басқарма басшысының айтуынша, 2014 жылы республикада алғашқы­лар­дың бірі болып құрылған облыстық мем­ле­кеттік сатып алу басқармасы бү­гін­де біртұтас мемлекеттік саясатты жүзеге асырып отыр. Айталық, басқарма құрылғалы бері 130 млрд 824 млн теңгенің 706 са­тып алуы өткізіліп, жалпы соманың 4%-нің, яғни 5 млрд 839 млн теңгенің үнемделуіне қол жеткізілді. Ал соңғы екі жылдың көрсеткішіне көңіл бөлсек, 2017 жылы 46 млрд 272 млн теңгенің 246 сатып алуы өткізілсе, 2018 жылдың 9 айында бұл көлемнің 97%-і (239-39 млрд 365 млн) жүзеге асырылған. Сондай-ақ, тапсырыс бе­ру­ші­лерге техни­ка­лық ерекшелік үлгіле­рі, уәкі­летті органдардан алынатын тү­сіндірмелер түріндегі мето­ди­калық көмек көрсетіліп, кура­торлық шеңбе­рінде басқарма қызметкерлері  1 млрд 276 млн теңгенің 132 конкурсының комиссияларына мүшелік еткен.

– 2016 жылдың 1 қаңтарынан қолда­ныстағы «Мемлекеттік са­тып алу туралы» заңына 15 рет, мемлекеттік сатып алуды жү­зеге асыру қағидаларына 10 мәрте енгізілген өзгерістер мамандардан үнемі ізденісті талап етіп отыр. Бұл ретте, 2019 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енетін мем­лекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 3 ұсынысымыз енді. Атап айтар болсақ, заңға енгізілген өзгеріске сәй­кес келешекте конкурсқа қаты­суға жіберілген бір ғана үміт­кермен бір көзден алу арқылы шарт жасасу мүмкіндігі алынып тасталды. Сонымен қатар, кә­сіп­кердің еңбек ресурста­рын тиіс­ті қызметкердің жинақ­тал­ған зейнетақы қорлары негі­зін­де анықтау және жұмыс тә­жі­рибесін есептеу бөлігінде қа­жетті өзгерістер орын алған. Мә­селен, осыған дейін заңна­мадағы жұмыс тәжірибесін есеп­теудегі бірыңғай жүйенің бол­мауы конкурстық комиссия жұмысына қиындықтар келті­ріп, уәкілетті органның заң бұзу­шылық деп тануына әкеле­тін. Енді мұндай жағдайлар болмайды, – дейді ол.

Жалпы, заңдылықта орын алатын өзгеріске қатысты та­ныстыру-түсіндіру шараларын жүргізу алдағы уақытта да жал­ғасын табатын болады.

Ғазиза ӘБІЛДА,
«Сыр бойы».

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<