Заң талаптарын сақтамаған

553

0

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетініңҚызылорда облысы бойыншадепартаментімен тұтынушылардың өтініштері негізінде жүргізілген жоспардан тыс тексерулердің нәтижесінде, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ныңҚӨФ-ы реттеліп көрсетілетін қызметті ұсынған кезде тұтынушылардан есепке алу аспабын пломбалау, газ тарату жүйесіне бастапқы қосу және газ тұтыну жабдықтарына газды жіберу қызметтері үшін ақы төлеуді талап еткені анықталды.

Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң)26-бабының 2-тармағының 4), 5), 6) тармақшаларына сәйкес, табиғи монополия субъектісі, тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділікті ұсынуға, тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділіктің тең жағдайларын ұсынуға, ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметке қатысы жоқ қосымша талаптарды белгілемеуге міндетті.

Субъекті аталған Заңның талаптарын сақтамай, негізсіз реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге қол жеткізудің тең жағдайларын ұсынбаған, соның нәтижесінде Департаменттабиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзу фактілерін жою туралы 51 нұсқамасын енгізді.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ныңҚӨФ-ысотта Департаменттің нұсқамаларының күшін жою жөнінде талаппен нұсқамаларға шағымданды (05.11.2019ж №№36,37,38,39,40,41,42  12.11.2019ж №№43,44,45,46,47,48,49,50,51,52, 21.11.2019ж №54,  28.11.2019ж №№55,56,57, 03.12.2019ж №№58,59,60,61,62,63,64,65,66,67,68,  10.12.2019ж №№69,70,71,72,73, 30.12.2019ж №№74,75,76,77,78,79,80,81,82,83,84,85,86,87). Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының шешімдерімен субъектінің  талаптары қанағаттандырусыз қалдырылды, ал нұсқамалар заңды деп танылды.

Өз кезегінде, субъект бірінші сатыдағы соттың шешімдерінің күшін жою туралы апелляциялық шағымдар берді.Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасыменсоттың  шешімдері өзгеріссіз, ал шағымдарды – қанағаттандырусыз қалдырылды.

Сонымен қатар, 15.06.2020ж, 18.06.2020ж, 25.06.2020ж және 01.07.2020ж«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ныңҚӨФ-ыреттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділіктің тең жағдайларын ұсыну бойынша міндеттерді орындамағаны үшін, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің164-бабының төртінші бөлігі бойынша жалпы сомасы 66,7 млн теңгеге айыппұл салынуымен әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің

облыс бойынша департаменті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<