Заңдылықты сақтау басты назарда

158

0

Биыл облыстық прокуратура негізгі жұмысын құқық бұзушылықтың алдын алу шараларына бағыттады. Ол жалпы тіркелген қылмыстың 36 процентке төмендеуіне оң әсерін тигізді. Бұл жөнінде облыстық прокуратураның аппарат басшысы Азамат Баянбайұлы өңірлік коммунинкациялар қызметінде өткен брифингте жан-жақты айтып берді.

– Прокуратура бастамасымен бұрын сотты болған азаматтарды қайта қылмыс жасауға жол бермеу мәселесіне назар аударылды. Осы мақсатта жұмыс тобы құрылып, облыста осындай жағдайдағы 1117 адамның тізімі жасалды. Аталған азаматтар жасыл, сары, қызыл санаттарға енгізілді. Нәтижесінде олардың тұрмыстық жағдайы назарға алынды. Сондай-ақ, қала аумағында полиция органымен бірлесе отырып, 14 учаскелік аймақта маскүнемдік және нашақорлықпен есепте тұрғандар бойынша алдын алу шаралары атқарылды. Ол бұрын сотты болған азаматтардың қайта қылмыс жасауын 16 процентке азайтты, – деді Азамат Баянбайұлы.

Прокуратура ықпалымен аудандарда мал ұрлығын тө­мендету бағытында тиісті іс-шаралар жүзеге асты. Соның арқасында мал ұрлығы 32 процентке кеміді. Бұл бағытта Шиелі, Жаңақорған аудандарында малды кезектесіп бағу ісі оң нәтиже берді. Алдағы уақытта бұл тәжірибені өзге аудандарда да қолға алуға көңіл бөлінеді. Себебі, қазіргі уақытта Арал ауданында мал ұрлығы 42 процентке өскен.

Кәсіпкерлікті қолдау ба­ғытында нақты жұмыстар жүр­гізілді. Тиісті орындар тарапынан оларға жасалған тексеру барысы таразыланып, бұл бойынша 7 заңсыздық белгілі болды. Бүгінгі күндері кәсіпкерлердің құқығын қорғау мақсатында прокуратура жанынан мобильді топ құрылған. Заң бұзушылық жағдайы болса, оған хабарласуға мүмкіндік бар.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз