Үздік мемлекеттік қызметші

248

0

Өткен жылы  ҚР Мемлекеттік қызмет істері  және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі алғаш рет  «Үздік мемлекеттік қызметші» конкурсын ұйымдастырды. Биыл бұл шара өз жалғасын тауып, байқау мемлекеттік қызмет істері органдарының 20 жылдығына орай өткізілді. 

Байқаудың маңызды мақсаттарының бірі  мемлекеттік қызмет беделін арттыру, мемлекеттік басқарудың үздік тәжірибесін тарату, Қазақстан Республикасының үздік кәсіби білімдері мен дағдыларына ие мемлекеттік қызметшілерін анықтау, көтермелеу және оларды ынталандыру болды.

Өңірімізде алғаш рет өткізіліп жатқан конкурс жайында департамент басшысы, комиссия төрағасы Абзал Мұхимов кеңінен айтып, үздіктерді анықтау мақсатында конкурстың комиссиясы  белсенді жұмыс жасағандығын жеткізді.

Жалпы, конкурс екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңді Агенттіктің облыс бойынша департаменті жанынан құралған өңірлік конкурстық комиссиясы өткізді. Онда құжат қабылдау ақпан айының 15-нен бастап наурыз айының 15-і аралығында жүргізілді. Байқауға өңірімізден 13 мемлекеттік қызметші ниет білдіріп, құжаттарын ұсынды. Ал, стратегиялық және бағдарламалық құжаттардан өткен  тестілеуге 10 азамат қатысып, 7-і белгіленген шекті мәннен жоғары балл жинады. Мұнан кейін комиссияның отырысында кандидаттың ахуалдық мәселені шешу қабілеті бағаланды. Онда  байқауға қатысушылар әңгімелесу барысында өздерін жан-жақты көрсетті. Комиссия құрамы олардың  берілген тапсырмаға сай проблемалық мәселені білуі, зерттеу деңгейі мен жауабының нақтылығына қарап бағалады.  Енді үміткерлер республикалық байқауда бақ сынамақ.

Сара АДАЙБАЕВА,

«Сыр бойы».

 

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<