Жәрмеңке: Сапалы өнім, қолжетімді баға

491

0

Қазалы ауданының орталығы – Әйтеке би кентінің Қ.Пірімов көшесіндегі «Жеңіс» саябағының жанында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Мұнда Әйтеке би кенті мен ауылдық округтерден 21 көлікпен 51 тонна өнім әкелініп, базар бағасынан төмендетіліп сатылды.

Нақтыласақ, 100 литр шұбат, 40 тонна қауын, қарбыз, 3 тонна асқабақ, 3 тонна жуа, 20 бас қой, «РЗА-СҮТ» ЖШС өнімдері 1 тонна және «Игіліков» ЖШС балықтары тұрғындарға ұсынылды.

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев жәрмеңкеге арнайы барып, баға мен тұтынушылар талабына баса назар аударды. Сондай-ақ, тұрғындармен пікірлесіп, ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасына оң бағасын берді.

Жәрмеңкеде қарасы қалың болған келушілер өздеріне қажетті өнімдерді көптеп алып, қуана тарқасты.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<