Жаһанда жаңа дәуір басталады

245

0

Әңгімені ашық сөзден бастасақ, қазіргі заманда адамдардың пейілі тарылып, дүниеяуилық, пендауилықтың кең таралған тұсына тап келдік. Халық руханияттың төмендеу сатысына аяқ салып тұр. Жеккөрушілік сезімі, жаман ойлау, жаман сөз айту, шүкірліктен шығу, сабырлықтан сая таппау адамзат әлемі мен Жаратушы арасындағы ақпараттық кеңістікті ластады. Құдіреті күші Иенің осы кеңістікті тазалау үшін жер бетіне бүгінгідей сынақ жіберіп отыратынын тарихтан танып білуге болады. Міне, көзге көрінбейтін бір зат бүкіл әлемді тітір етіп жіберді. Соған сай барша халық Құдайдан қол жайып жарылқау тілеуде, болашақтан үміт, жақсылық күтуде. Сол пиғыл, сол ниет адам мен Жаратушы арасындағы ластанған ақпараттық аспанды тазалап жатыр. Екі арадағы өлшем шарықтау шегіне жеткенде жерге жіберілген сынақтың да беті қайта бастайды. Мұны біз коронавирус дерті ең көп таралған Италиядағы ауру көрсеткішінің төмендей түскен деңгейінен көріп отырмыз.

Алдағы кезеңде адамзат жаңа дәуірге қадам басады. Жер бетінде мейірім артады, қақтығыс азаяды, келісімге келушілік көбейеді. Адам баласы өзінің түбі бір екенін мойындап, орасан күшін адамзат құндылығын арттыруға жұмсайды.

Сындарлы шақта жұртымыз үрейге берілмеуі тиіс.

Ауру адам ағзасына мидың ойлауымен байланысты келіп түседі. Үрейленген сәтте иммунитет әлсіреп, ағза сыртқы әсерлерді қабылдағыш келеді. Дана халқымыздың «Жақсы сөз – жарым ырыс» деген тәмсілі есте болуы тиіс.Өркениетті қоғам өршіген дертпен жан аямай күрес жүргізіп, халықтың саулығы үшін атқа мінер азаматтар қара басын қатерге тігіп күндіз-түні іс үстінде жүр.Коронавирус инфек­циясы­ның тіркелуіне байланыс­ты биылғы жылдың 31 нау­рызы мен 15 сәуіріне дейін Қызылорда қаласында карантин және Қызылорда облысы аумағы бойынша шектеу шаралары енгізілді. Бұл қазіргі кезеңде өте қажетті шара. Жергілікті жұрт ортақ мүддеге қайшы келетін әрекеттерден тыйылу керек. Ертең-ақ бұлттан шыққан күндей болып жақсы кезең қайта туады. Сол күнге аман-сау жету үшін жасалып жатқан шараларға шынайы ықыласымызбен, оң пейілімізбен атсалысу – әрбірімізге міндет.

Нартай ТҰРСАНОВ,

халық емшісі.  

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз