Жалағаш кентінен жаңа мешіт бой көтерді

631

0

Бүгін Жалағаш кентіндегі Дәуімбай учаскесінде жаңадан «Әр-Рахим» мешіті пайдалануға берілді.

Мешіттің ашылу рәсімінде аудан әкімінің орынбасары Ғани Сүлейменов, Қазақстан Мұсылмандар Діни Басқармасының Қызылорда облысы бойынша бас имамы Болатбек Абуов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Садық Әлиев, Досымовтар әулетінің ақсақалы Сәрсенбай Төлемісов сөз сөйлеп, күмбездері көкпен таласқан жаңа мешіт ғимараты елді береке-бірлікке шақыратын имандылық үйі болсын деген тілек білдірді.

Шарада жаңа мешіттің лентасы қиылып, құран бағышталды.

Аудан тұрғындары құлшылық ететін жаңа мешітті аудан халқына ауданымыздың тумасы, жеке кәсіпкер Қайрат Досымов тарту етті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<