Жамбыл облысындағы жарылыс: 8 бағыт бойынша жүретін пойыз уақытынан кешігеді

803

0

Жамбыл облысындағы әскери бөлімде болған өрт пен жарылысқа байланысты бірқатар пойыз уақытынан кешігеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «ҚТЖ» ҰК» акционерлік қоғамының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның ішінде:

  • №41 Алматы-2 – Атырау бағытындағы;
  • №11 Алматы-2 – Шымкент бағытындағы;
  • №78 Манғыстау – Алматы-2 бағытындағы;
  • №24 Ақтөбе – Алматы-1 бағытындағы ;
  • №002 Шымкент – Алматы-2 бағытындағы;
  • №72 Түркістан – Алматы-2 бағытындағы;
  • №86 Сарыағаш – Нұр-Сұлтан-1 бағытындағы;

-№22 Қызылорда – Семей бағытындағы жолаушылар пойыздары бар.

Толығырақ ақпарат алу үшін жолаушылар теміржол вокзалдарының анықтама бюросына немесе «105» бірыңғай анықтама қызметіне хабарласуы керек.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<