Жаңа серпін

982

0

Жаңа оқу жылының басына тура келген ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы білім саласы қызмет­керлерінің көңілінен шықты деп ойлаймын.

Жалпы мұға­лімнің мәрте­бесін көтеру турасында Мемлекет басшысы  Президент болып сайланғалы бірнеше рет көтергені белгілі. Енді білім қызметкерлерінің де әлеуметтік жағдайын жақсартуға ден қойып отыр. Бұл өз кезегінде мұғалімдерге жаңа серпін беріп, алдағы уақытта заман талабына сай, білімпаз жаңа буын мамандарды дайындауға септігін тигізері анық.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы мектепке дейінгі бала тәрбиесіне баса назар аударды. Шындығында, қазір мектепке дейін баланың көңілі қызығатын, балабақшадан басқа, ойын алаңдары мен ізденіс үйірмелері өте аз. Егер алдағы уақытта мемлекет осы мәселені толыққанды қарауына алатын болса, бір жағынан жас баланың зияткерлігі дамып, екінші жағынан бала санының өсуіне алып келер еді.

Пандемия кезіндегі қашықтан оқыту – бұл уақытша құбылыс. Сол себепті мемлекетке қолдау көрсетіп, әр ата-ананы баланың үйдегі алатын білімі мен тәрбиесіне аса ден қоюға шақырамын.

Мадина ЖҮСІПБЕКОВА,

облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының

ғылыми-сарапшылық топ мүшесі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<