Жаңақорғанда жекеменшік мектеп ашылды

1107

2

Білім күнінде Жаңақорған кентінде жаңадан «Заңғар» интеллектуалды мектебі ашылды. Салтанатты ашылу рәсімінде аудан әкімінің кеңесшісі Роза Исаева, Жаңақорған кенті әкімінің орынбасары Серік Сейдуалиев, аудандық білім бөлімінің бас инспекторы Мира Жандарбекова қатысып, құттықтау сөзін арнады. Жаңа мектепке табыс тілеп, шәкірттердің озат оқушы болуына тілектестігін жеткізді.



Өз кезегінде аудандық білім бөлімінің бас инспекторы Мира Жандарбекова жаңа мектептің символикалық кілтін салтанатты түрде мектеп директоры Гүлбақыт Сайлауханқызына табыстады.


Құрметті қонақтардың лента қию рәсімінен кейін, білім ордасының ішкі мүмкіндіктерімен танысты. Одан әрі 1-сынып оқушыларына «Әліппе» кітабын табыстау концерттің бағдарламасына ұласты. Өнерлі оқушылар ән айтып, тақпақтарын жатқа айтып, көп алдында өз өнерлерін паш етті.


Шара соңында «Алғашқы қоңырау» соғылып, «Заңғар» интеллектуалды мектебінің директоры Гүлбақыт Жартыбаева барша ата-аналар мен оқушылар қауымын Білім күнімен құттықтап, мектеп құрылтайшылары Нұржан Ақылханұлы мен Гүлмира Тұрарқызына алғысын жеткізді.



Әбдісамат Әбдіш

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<