Жаңашылдыққа бейім білім ошағы

281

0

Фото: Сырдария ауданының әкімдігі

Сырдария ауданының әкімі Берік Сәрменбаев С.Сейфуллин ауылындағы №137 мектеп жұмысымен танысып, білімге құштар, шығармашыл оқушылармен кездесті. Бүгінде іргелі білім ошағында 385 оқушы тәрбиеленуде.

Оқушылардың сапалы білім алуы үшін модификациялық кабинеттер, атап айтқанда, физика, биология, робототехника және мультимедиа кабинеттері жасақталған.

Сондай-ақ, 2022 жылы ІТ «Бағдарламалау мектебі» жобасы мектепке енгізілген. Соның негізінде «Телестудия», «Мобилография», «Видеография», «Андройд», «Вебдизайн», «Stop Мotion», «Python» үйірмелеріне 60 бала қатысуда.

Үйірмелер жұмысында оқушылар қазіргі ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану жұмыстарын көрсетті.

Оған қоса, робототехникамен айналысып жүрген жастар туындыларын таныстырды.Мектеп директоры Бағдат Есназар биыл мектеп бітіретін түлектердің ҰБТ-ға дайындығын атап, көрсеткіштері жақсы екенін жеткізді.

Аудан әкімі Берік Әбдіғаппарұлы мектептегі оқушылардың білімге, шығармашылыққа құштар екенін атап, білім ошағындағы жаңашылдықтарды басқа мектептерге үлгі етуді, тәжірибе алаңына айналдыруды айтып, аудандық білім бөлімінің басшысына тапсырма берді.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<