Жаңажолдағы жарқын жетістіктер

478

0

Қармақшы ауданының әкімі Жандос Еркінбекұлы Жаңажол ауылында жұмыс сапарымен болып, ауылдағы бірқатар өзекті мәселелерді шешіп, білім ошақтарының жаңа оқу жылына дайындығын көрді.

Аудан басшысы ауылға сапарында дәрігерлік амбулатория мен спорт кешенінің құрылысы жұмыстарымен танысып, жалпы құны 427,352 млн.теңге тұратын жобаны жеңіп, спорт кешенінің құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан «Орион LTD» ЖШС мердігер мекемесінің басшылығымен құрылыс барысын бақылады. Дәрігерлік амбулаторияның құрылысы бойынша жобалық құны 442, 943 млн.теңгені құрайтын құрылысты жүргізіп жатқан «Бақ-Береке 2030» ЖШС мердігер мекемесі басшысы баяндап, құрылысты белгіленген мерзімде тапсыруға байланысты қызу жұмыстар жүргізілуде екендігін жеткізді.

Жаңажолдың тағы бір жетістігі ауыл шаруашылығындағы озық деп танылған технологиялардың бірі тамшылатып суғару әдісі бойынша «Жаңажол» ЖШС-нің басшысы Орынбасар Төлеповтің қолдауымен алма бағын жасауында. Жасыл-желекке бөленіп тұрған алма бағын жандандыру жұмысына аудан басшысы оң баға берді.

Ауылға сапарының соңында Жандос Еркінбекұлы егіс алқабына болып ауыл әкімі, ауыл инвесторымен бірге биылғы өнімнің көлемін бағамдады.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<