ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ

311

0

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақ­стандықтардың әл-ауқа­тының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы – бұл тарихи маңызды құжат қана емес, тұрақты, дамыған мемлекет құру жолындағы жүйелі, жоспарлы бағдарлама.
Биылғы Жолдаудың маңыз­ды тұсы шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға басым­дық беруі болды. Сонымен қатар, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының маңыз­дылы­ғына тоқталып өтті.
Жолдауда айтылған негізгі мәселенің тағы бірі – жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту.
Сонымен қатар, «Біз грант­тардың санын көбейттік, енді жауапкершіліктің кезеңі келді» деді Елбасы. Ең бастысы, келесі жылы «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау қажет дегені көптің көкейінде жүрген мәселенің шешімі болды.
Бұл оқушылар мен мұға­лім­дердің артық жүктемелерден арылуы үшін қажет екендігін айтты.
Жоғары оқу орнының табыс­тылығын бағалаудың басты кри­терийі – оқу бітірген сту­дент­тердің жұмыспен қамтылуы, жал­ақысы жоғары жұмысқа орналасуы екенін еске сала отырып, жоғары оқу орындарын ірілендіру саясатын жүргізу қажеттігіне тоқталды.

Ләззат ДҮЙСЕНОВА,
Қыздар педагогикалық университетінің
құқық және басқару негіздері  кафедрасының
аға оқытушысы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<