«Жас сарбаздар» сап түзеді

308

0

         Қаламыздағы «Жас сарбаз» әскери клубының тәрбиеленушілер ҚР  Ұлттық Ұланның №5547 әскери бөлімінің бір күндік жұмысымен танысты.

         Жастар әскери бөлімнің ережесімен танысып, таңғы әскери ас ішті. Әскери техника, қару-жарақтарды көрді. Нұсқаушы сарбаздың жатын орнымен және төсек орынын жинау әдіс-тәсілдерін үйретті.

         Мұнан соң бөлімнің акт залында «Әскери Ерлік сабағында» атты кездесу өтті. Оған бөлім ардагерлері мен Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қызметкерлері мен сарбаздар қатысты.

Еркін форматтағы кездесуде облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары Алмат Жақыпов, Қазақстан Республикасы ҚР Қарулы Күштері ардагерлері ұйымының облыстық филиалының төрағасы Ршауов Мыңділда жастармен Отан алдындағы азаматтық борыш пен адалдық туралы әңгімелесті.

Аталған әскери бөлім ардагері Асылбек Сәндібекұлы жастарды білімді, жігерлі болып, еңбекқор болуға шақырды.   

− Еліміздің ертеңгі күні сіздердің қолдарыңызда. Қазір-ақ елдің мүдесі үшін қызмет етер, бір-бір сала маманы боласыздар. Сіздердің Отанға деген адалдықтарыңыз, жоғары азаматтық борыштарыңыз ол − елге деген қызметтеріңізден көрініп тұруі керек. Жасқануға, әлжуаз, қорқақ болуларыңа еш себеп жоқ. Батыл да, байсалды бабаларыңның өмірімен өнегелі жолымен танысып жүріңдер. Әрдайым еңбекқор болып, табысқа жетіңдер!, − деді ардагер.   

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<