Жастар арасында ауыспалы кубок сарапқа салынуда

335

0

Бүгін «Евразия» спорт кешенінде «Достық кубогі» шағын футболдан турнирі өтуде. Турнирде қаладағы ірі сауда орындары мен базарларда қызмет жасайтын жастар арасында шағын футболдан ауыспалы Кубок сарапқа салынуда.

Жарыс талаптарына сәйкес турнирге тіркелген 14 команданың 8-і, атап айтқанда, «Магнум 1», «Магнум 2», «Fatosh», «Сыбаға», «Сырдария», «Жайна», «Отырар» және «Бағлан» командалары қатысуда.

Бұл теңбіл доп жарысы алдағы уақытта дәстүрлі жалғасын таппақ, яғни тоқсан сайын ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Айта кету керек, аталған турнир қала әкімдігі мен «Евразия» спорт кешенінің қолдауымен және қалалық қоғамдық даму бөлімінің Qosyl қалалық жастар ресурстық орталығы мен қалалық мәдениет және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен өтуде.

Жарысқа қатысушы командаларға сәттілік тілейміз!

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<