Жастар «Үркер» Ұлттық сыйлығы байқауының жүлдегерімен кездесті

809

0

Облыстық «Жастар ресурстық орталығында» жастар «Kyzylorda-news.kz» ақпарат агенттігінің бас редакторы, «Үркер» Ұлттық сыйлығы байқауының жүлдегері Нұрсұлтан Мықтыбаевпен кездесті.

«ТҰЛҒАman» жобасы аясында өткен басқосуда Нұрсұлтан мектеп бітіргеннен-ақ оқуға түсе алмағанын, әрбір сәттің өз келеңсіздіктерімен есте қалғанына тоқталды. Бірақ, ертеңге деген сенім оны алға жетелеген.

Соның арқасында ол Л.Гумилев атындағы Еуразия университетінде білім алып, профессор Намазалы Омашевтың дәрісін тыңдап, әрісі Атырауда, содан соң туған өлкедегі журналистиканың дамуына үлес қосуға мүмкіндік алды. Ол қатысушыларға, орталық жанындағы «Тіл – майдан» жас журналистер клубының мүшелеріне журналистиканың жайын, блогер мен журналистің айырмашылығын, мамандықты жүрек қалауымен таңдау қажеттігін тарқатып айтты және жетістікке жетудің 7 құпиясымен бөлісті.

– Қазір «Мұғалім боласың, табысы жақсы!» деп баласы үшін шешім шығарып қойған ата-аналар бар. Бірақ, ол бала мектепте өзінің сабақ үлгерімі нашар, басқа салаға икемді болу мүмкін. Осыны ескеру қажет. Білімді ұрпақты қалыптастыру атүсті қарайтын мәселе емес. Мамандықты әр адам жүрекпен таңдау керек. Менің де таңдауым журналистика болды. Мейлі бұл сала табыстың кілті болмасын, десе де ол менің жүрек қалауым», – деп қорытындылады кездесуді Нұрсұлтан.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<