Жастар – жасампаздық бастауы

637

0

Жастар ресурстық орталығының мәжіліс залында, Жастар ресурстық орталығы және «Салауатты өмір салтын насихаттау және жастар шығармашылығын дамыту» әлеуметтік қызметі жобасының ұйымдастыруымен «ЖАСТАР – ЖАСАМПАЗДЫҚ БАСТАУЫ» атты аудан жастарының қорытынды форумы өтті.

Форумда аудан әкімінің орынбасары Ысмағұлов Болатбек Әбдулхайысұлы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда өз саласы бойынша айрықша жетістіктерге жеткен, ауданымызда жастар саясатын жан-жақты дамытуға үлес қосып жүрген белсенді 10 жасқа ауданы әкімінің «САМҒАУ» жастар сыйлығын табыстады.

2022 жылғы аудан әкімінің «САМҒАУ» жастар сыйлығының иегерлері:

1. «ҮЗДІК ЖАС СПОРТШЫ» НОМИНАЦИЯСЫТөлепов Бекжан Әлімжанұлы – қазақ күресінен 2 дүркін әлем кубогінің жеңімпазы, әлем чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері

2. «ҮЗДІК ЖАС ЖУРНАЛИСТ» НОМИНАЦИЯСЫ Мадиярова Сұлушаш Бахтиярқызы – аудандық «Өскен Өңір» газетінің тілшісі

3. «ҮЗДІК ЖАС ДӘРІГЕР» НОМИНАЦИЯСЫ Ертаева Жұлдызай Пірмағамбетқызы – Талаптан ауылдық округі, Балаби ауылының аға дәрігері

4. «ҮЗДІК ЖАС ҰСТАЗ» НОМИНАЦИЯСЫ Рысдаулетов Еркебұлан Мұратбекұлы – №127 Ш.Уәлиханов атындағы мектеп – лицейінің география пәнінің мұғалімі, жас тренер

5. «ҮЗДІК ЖАС АҚЫН» НОМИНАЦИЯСЫ Ержігіт Бекжан Әбутәліпұлы – Жиделіарық ауылдық округі мәдениет үйінің әдіскері, жас ақын

6. «ҮЗДІК ЖЫЛ МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРІ» НОМИНАЦИЯСЫ Көрегенов Сафуан Батырханұлы – Б. Қабылұлы атындағы аудандық мәдениет үйінің қызметкері

7. «ҮЗДІК ЖАСТАР ІСІ ЖӨНІНДЕГІ МАМАН» НОМИНАЦИЯСЫ Оспанов Дәурен Әуезұлы – «Жиделіарық ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің шаруашылық есебін жүргізу әлеуметтік саланы дамыту және жастар ісі жөніндегі бас маман

8. «ҮЗДІК ЖАС КӘСІПКЕР» НОМИНАЦИЯСЫ Жүзімов Тоқтар Жұманғалиұлы – «Ням-Ням» асханалар желісінің басшысы, жас кәсіпкер

9. «ҮЗДІК ЖАС ВОЛОНТЕР» НОМИНАЦИЯСЫ Қали Азамат Берікбайұлы – №252 мектеп-гимназиясының дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, «АМАНАТ» партиясы «Жастар Рухы» жастар қанатының Шиелі аудандық филиалының төрағасы, волонтер

10. «ҮЗДІК ЖАС СТУДЕНТ» НОМИНАЦИЯСЫ Шекербек Айсана Арыстанбекқызы – Шиелі индустриялды- аграрлық колледжінің 4 курс студенті, облыстық «Топ – 20 үздік студенті» жеңімпаз атанды.

Үздік жастарға 50 000 ( елу мың) теңге көлемінде қаржылай сыйақы, сертификат, диплом және статуэтка табысталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<