«Жасыл ел» сарбаздары кезекті еңбек маусымын аяқтады

791

0

Облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Самғау» Қызылорда облысының ЖҚБ-і «Жасыл ел жастарды көркейту, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарына тарту» жобасын жүзеге асырды.

Әлеуметтік жоба аясында 16-29 жас аралығындағы түрлі санаттағы (оқушы, студент, жұмыссыз) 1 115жас маусымдық жұмыспен қамтылып, белгіленген мөлшерде еңбекақылары өтелді.

Сондай-ақ, «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының сарбаздары қажетті экипировкалармен қамтамасыз етіліп, олардың қатысуымен экологиялық мәдениетті арттыруға бағытталған 20-дан астам көшпелі шаралар өткізілді.

Қыркүйек айының ІІ онкүндігінде «Еңбек маусымының салтанатты жабылу рәсімі» ұйымдастырылып, үздік сарбаздар алғыс хаттармен, түрлі номинациялармен марапатталатын болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<