Жеке куәлігіңізді жоғалтқан болсаңыз…

683

0

Қалпына келтіру үшін тұрақты тіркелген немесе нақты болатын жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ (ХҚКО) жүгіну қажет.


Жоғалған жағдайда Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін қалпына келтіру үшін сізден жоғалу жағдайы көрсетілген үлгі бойынша жеке куәлікті қалпына келтіру туралы жазбаша өтініш және 0,2 АЕК мемлекеттік бажды төлеуді қажет болады. Болған жағдайда Қазақстан Республикасы азаматының паспортын ұсыну қажет.


Ұрланған жағдайда құжаттарды қалпына келтіру үшін Сізге құжатты ұрлау туралы өтінішті қабылдаған қылмыстық қудалау органынан талон-хабарламаны, 0,2 АЕК мемлекеттік бажды төлеуді және болған жағдайда ҚР азаматының паспортын ұсыну қажет.


Мемлекеттік баж төлеуден босатылған адамдар растайтын құжаттарды ұсынады.
Құжаттарсыз тұру ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 492-бабында көзделген әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады, күнтізбелік он күннен бір айға дейін – ескерту жасалады, бір айдан астам – 7 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады, – деп ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің Көші-қон қызмет бөлімшесі ескертеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<