Жеке қабылдау өткізді

227

0

Фото: Қазалы ауданы әкімдігі

Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев бекітілген кестеге сәйкес тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қабылдауға келген тұрғындар негізінен жұмысқа орналасу, тұрғын үй, электр энергиясымен қамтамасыз ету және қоғамдық көлік мәселесі секілді түйткілдерді көтерді.

Жұмсыссыздық жайында келген тұрғындарға мамандықтарына сәйкес сұраныс болған жағдайда бос жұмыс орындарына кезектілікпен жіберілетіндігі түсіндірілді.

Аудан басшысы басқа да мәселелер бойынша тиісті заңдылықтарға сәйкес жұмыстар жасалатындығын айтты.

Мұхтар Әуесұлы аудан әкімінің жауапты орынбасарлары мен тиісті сала басшыларына жеке қабылдауға келген әрбір тұрғынның мәселесін бақылауға алу жөнінде тапсырма жүктеді.

©️Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<