Жеті ұңғыма қазылып жатыр

488

0

Қызылорда қаласындағы ауызсу мәселесін шешу үшін 7 ұңғыма қазылып жатыр. Бұл нысан іске қосылса, тәулігіне қосымша 7 мың текше метр таза су беріледі. Осылайша қаланың шет аймағындағы 3 шағын аудандағы тіршілік нәріне қатысты түйткіл шешімін табуға тиіс.

Қаладағы «Бәйтерек» шағын ауданына тұрғындар 2016 жылдан бастап қоныстанды. Бұл ауданнан 6 мыңнан астам азаматқа инфрақұрылымы толық дайындалған жер телімі берілді.

Кейінгі кезде «Бәйтерекпен» қатар бірнеше шағын ауданда ауызсудың қысымы төмендей бастаған. Оның басты себебі –  қаланың аумағы кеңейіп, тұрғын үйлер көбейген. Осы резервуар арқылы «Бәйтерек», әл Фараби, КБИ шағын аудандары қосымша таза, сапалы ауызсумен қамтамасыз етілмек. 

Оған қоса бәйтеректіктер жиі көтеретін қоғамдық көлік мәселесі де шешімін тауып жатыр. Бұған дейін қиыршық тас төселген көшелерге биыл асфальт жабындысы салынады. Жаңадан бой көтерген 600 орындық мектеп те пайдалануға беріледі.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<