Жетісу облысының әкімі тағайындалды

743

0

Жетісу облысының әкімі болып Бейбіт Исабаев тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Өңір басшысы қызметіне екі кандидат — Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаев пен сенатор Бейбіт Исабаев ұсынылды. Халық қалаулыларының басым дауысына сенатор Бейбіт Исабаев ие болды. Бейбіт Исабаев 106, Бағдат Қарасаев 35 дауыс жинады.Бейбіт Исабаев 1962 жылы 4 желтоқсанда дүниеге келген.Білімі1985 ж. – С.М. Киров атындағы қазақ мемлекеттік университетін журналист мамандығы бойынша бітірген.1999 ж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық академиясын халықаралық маман деген мамандық бойынша тәмамдаған.Еңбек жолы:1985-1987 жж. – Қазақ ССР-ның теле-радио көрсетілім жөніндегі мемлекеттік комитетінің редакторы.1987-1991 жж. – «Лениншіл Жас» республикалық газетінің тілшісі, бөлім меңгерушісі.1991-1994 жж. – «Өркен», «Горизонт» газеттері редакторының орынбасары, редакторы.1994-1995 жж. – Қазақ мемлекеттік телевидениясының бас директоры, Алматы қаласы әкімшілігі басшысының орынбасары, басшысы, Алматы қаласы әкімдігі ішкі саясат комитетінің төрағасы.1995-1997 жж. – Алматы қаласы әкімінің орынбасары.1997-1999 жж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі дипломатиялық академиясының тыңдаушысы.1999-2000 жж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі әкімшілігі департаментінің директоры.2000-2002 жж. – Қазақстан Республикасы Премьер-министрі кеңсесінің үкіметтік ақпарат бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі.2002-2003 жж. – «Орта Азиялық ынтымақтастық» ұйымдастыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық үйлестіруші.2003-2006 жж. – Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі.2006-2008 жж. – Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі және Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметін қоса атқарған.2008-2009 жж. – Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хытшысы.2009-2015 жж. – Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі.2015-2019 жж. – Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі.2019 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Парламенттегі Өкілдігі басшысы қызметін атқарды.2022 жылдың қаңтарынан ҚР Сенатының депутаты болды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<