«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» филиалында – жаңа басшы

710

0

«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Қызылорда облыстық филиалына жаңа басшы тағайындалды. Бұл лауазымды қызметті енді Сыр өңірінің тумасы Ерболат Серікұлы Көштаев атқаратын болады.

Ерболат Серікұлы 1976 жылы 23 қазанда Жалағаш ауданында дүниеге келген. Жоғары білімді. Қызылордадағы «Сейхун» академиясын тәмамдап, Алматы қаласындағы Л.Б.Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институтында жол-инженері мамандығы бойынша білім алған. Жол саласындағы еңбек жолын 2005 жылы қатардағы маманнан бастап, қызмет баспалдағының барлық сатысынан өтті. Ал 2012-2014 жылдар аралығында Қызылордадағы Жол пайдалану учаскесінің басшысы болды. Кейін 2014-16 жылдары «Қазақавтожол» РМК-ның Қызылорда филиалында, 2016-19 ж.ж Ақмола облыстық филалында бас инженер болып еңбек етті. Ерболат Көштаев осы тағайындауға дейін «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Ақмола облыстық филиалы директоры қызметін абыроймен атқарып келді. Отбасылы. Үш бала тәрбиелеп, өсіруде.

Алдағы уақытта аймақ жолдарының сапасын жақсарту бағытында Ерболат Серікұлына үлкен сенім артылып отыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<