Құрылтай

Жоспар және жауапкершілік

3

0

Үкімет отырысында су ресурстарын басқару мәселелері қаралды. ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен жиынға облыс әкімі Мұрат Ергешбаев селекторлық режим арқылы қатысты.

Үкімет отырысынан кейінгі мәжі­лісте су ресурстарын басқаруға қа­тысты жауапты тұлғаларға тап­сырмалар жүктелді.

– Су алу науқанында су шаруа­шылығы нысандары жұмысының тұрақ­тылығын, жоспарға сәйкес ұйым­дастырылуын қатаң бақылауға алыңыздар. Сырдария суын егістікке ысырапсыз пайдаланып, Кіші Аралға жіберілетін көлемді жеткізу қажет.

Одан бөлек, көлдер жүйесі мен шабындық, жайылымдарды сулан­дыруға ерекше назар аудару керек. Бұл аймақтағы экологиялық жағдайды тұрақтандыруға септігін тигізеді.

Биыл су жеткізу қызметінде бил­­лингтік жүйе ресми түрде іске қо­сылып, су тұтынушылармен элек­трон­­дық келісімшарт жасау толық аяқ­талды. Қолданыстағы қағи­даларға сәйкес, шаруашылықтар әр айдың 25-іне дейін су жеткізу қызметі үшін төлем жүргізуі тиіс, – деді облыс әкімі.

Жалпы, су шаруашылығы саласын дамытудың 2024-2028 жылдарға ар­налған өңірлік кешенді жоспарына 112 жоба енгізілген. Су ресурстарын тиімді пайдаланудың жүйелі шара­ларына 10 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді.

Өткен жылы су үнемдеу техноло­гияларын пайдалана отырып, 8,1 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілсе, биыл бұл көрсеткіш 14,2 мың гектарға жеткізілді. Су шығынын азайту үшін 65 мың гектар күріш алқаптары лазерьмен тегістелді. Осыған сәйкес бірінші кезекте 75 ны­санның су қорғау жобалық құжат­тамасын әзірлеу жоспарлануда.