Еліміз бойынша республикалық маңыздағы жолдарда маусым айынан бастап, қыркүйек айына дейін ауыр жүк көліктеріне шектеу қойылған болатын. Дегенмен, осы кезеңде облыстық көліктік бақылау инспекциясы 190 заң бұзушылық дерегін анықтаған.
Жалпы үш айда шектеуге қарамастан күндізгі мезгілде белгіленген салмақтан асыра ауыр жүк тиеген жүргізушілерге 8 миллион теңгеден астам айыппұл салынып, әкімшілік хаттама толтырылған. Демек, жүк көліктері әлі дезаң талаптарын сақтауда немқұрайлық танытып келеді.
– Сыр өңірінде жаз айларында, тіпті күздің алғашқы кезеңіне дейін жоғары температура сақталатыны белгілі. Мұндай климат жолдардың сапасына кері әсерін тигізбей қоймайды. Оның үстіне, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық автодәлізі арқылы қиыршық тас тасымалдаумен айналыстан жүк көліктері толласыз қатынайды. Яғни, бұл шамадан тыс иннертті зат тиеген жүк көліктер ағынынан жолдың беткі жабындысының бұзылуынаәкеп соғуда. Биыл аталған күре жолдың біраз бөлігіне қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Дегенмен, бір жерін түзеп жатқанда, келесі учаскеден ахаулар пайда болып жатыр. Сондықтан, ауыр жүк көліктері жүргізушілеріне заң талаптарын сақтап, оған жауапкершілікпен қарауын сұраймыз,- дейді «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» Қызылорда облыстық филиалыныңбөлім басшысы Ержан Усманов.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<