Жұмысшылар мәселесі – басты назарда

581

0

Облыстық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясының депутаттық фракция мүшелері «Әлеуметтік қамтамасыз ету және еңбек қатынастары бойынша» кәсіподақ жетекшілерімен кездесті.


Фракциясы жетекшісі Ибадулла Құттықожаевтың жетекшілігімен өтті. Жиынға «Nur Otan» партиясының депутаттық фракция мүшесі Райкүл Байназарова, салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Қызылорда облыстық комитетінің төрайымы Гүлнар Есқалиева, «Қазақстандық теміржол, автокөлік, әуе және су көлігі қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалы төрағасы Ахметов Бауыржан, «Senim» денсаулық сақтау жүйесі жұйымкерлерінің салалық кәсіптік одағы Қызылорда филиалының мүшесі Азамат Серікұлы қатысты.
Кездесуге қатысушылар облыста еңбек заңнамаларының сақталуын қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстарды сөз етті.

Өз кезегінде «Қызылорда облыстық кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Серік Сермағамбетов, «Жұмыспен қамтылған халықтың 30 пайызы ғана кәсіподақ ұйымына мүше. Барлық мекемелерде ұжымдық шарттың орындалуын бақылауды күшейту керек. Барлық салада еңбек қатынастарын бақылап отырмыз. Әсіресе жұмысшылардың қауіпсіздігі басты назарда» деп жұмысшылардың құқықтарымен заңды мүдделерін қорғау мәселелері туралы айтты.


Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқарасының бөлім басшысы Нұрбек Жапақов бірнеше мәселелерді айтып, сандарды сөйлетті.

«Жыл басынан бері облыс бойынша кәсіпорындар мен мекемелерде 114 тексерулер жүргізілді. 161 заңбұзушылықтар анықталды. Жалпы 10 айда 27 жеке және заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Жұмыскерлерге жалақы қарызын төлеу мәселесі Басқарманың ерекше назарында. 10 айда ықпал ету шаралары нәтижесінде 16 кәсіпорынның 4631 жұмыскерлеріне 616,5 млн теңге жалақы қарызын төледі. 2020 жылғы 01 қарашаға «Фотон» ЖШС бойынша 1 қызметкерге 3 711 499 теңге жалақы қарызы бар. Аталған кәсіпорын облыстық кірістер департаментінің бақылауында. 45 жазатайым оқиға бойынша арнайы тергеп-тексеру жүргізіліп, тиісті шаралар жасалды. Басқармамен жұмыс берушілерге жұмыскерлердің еңбек шарттарын «Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне» электронды түрде енгізу қажеттігі туралы түсіндірме жұмыстары тұрақты жүргізілуде» деді Н.Жапақов.


Кездесуде кәсіподақ жетекшілері өз ұсыныстарын жолдап, өзара пікір алмасты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<