Жұмысшылар шипажайға жолдама алды

704

0

Өмір сүріп отырған ортаның көркейіп, күлденуіне, оның тазалығының сақталуына атсалысу – баршаға ортақ іс. Осыған орай Мемлекет басшысының бастамасымен «Birge: Taza Qazaqstan» республикалық эконауқаны жыл бойы жүзеге асырылып, оған Тереңөзек кентінің тұрғындары белсене атсалысты. Әсіресе, аудан орталығының тазалығына Тереңөзек кенті әкімі аппаратының қызметкерлері ерекше жауаптылық танытып келеді.

Жақында облыс орталығында республикалық эконауқанға атсалысқан мамандарды облыс әкімі Н.Нәлібаев арнайы марапаттады. Олардың қатарында кент әкімі аппаратының қызметкерлері де бар. Атап айтқанда, қызметкерлер Роза Рахымбаева мен Гулжазира Ерденоваға арнайы «Сарыағаш» шипажайына жолдама берілді.

Сондай-ақ, аудан орталығының көркейіп, гүлденуіне, абаттандырылуына атсалысып жүрген кент әкімдігінің қызметкері Алмас Ибрагимұлы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің «Алғысымен» марапатталды. Сонымен бірге, тазалыққа жеке мән беріп жүрген қызметкерлер Данияр Оспанов, Бекмұрат Қалмұратұлы, Ермек Құлмақов және Айгерім Мырзахметова облыс әкімінің «Алғысына» ие болды.

Тазалыққа жауапкершілік таныту – баршаға ортақ. Сондықтан кент тазалығын сақтап, көркеюіне атсалысайық!

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<