Жылжымалы медициналық кешендер өңірдің ауыл тұрғындарына қызмет көрсетеді

525

0

Бүгінде Қызылорда облысында ауыл тұрғындарына 5 медициналық кешендер қызмет көрсетуде. Олардың бірі Жалағаш ауданы Таң ауылында болды. Баспасөз туры барысында тілшілер жылжымалы медициналық кешен жұмысымен танысты.

Медициналық көмекті терапевт, офтальмолог, оториноларинголог, гинеколог, хирург, невропатолог, стоматолог, эндокринолог, психолог, рентген лаборант және басқа мамандар қалыптастырады.

Жылжымалы медициналық кешендер консультациялық-диагностикалық қызметтер көрсету үшін барлық қажетті құрал – жабдықтармен жабдықталған. Осы «доңгелекті емханалардың» арқасында ең шалғай елді мекендердің тұрғындары кардиограмма, УДЗ, скринингтік тексерулерден өтіп, сонымен қатар дәрігерлерден кенес және ауруханаға жатқызуға, жеке медициналық мекемелерде емделуге жолдамалар ала алады.

2023 жылы ЖМК дәрігерлері Жалағаш ауданының 13 460 тұрғынын медициналық қызметтермен қамтуды жоспарлап отыр. Бұл мақсаттарға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының филиалы 63,5 млн теңге қаражат бөлді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<