Жыры әлемді шарлаған – Жамбыл

745

0

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында қазақ халық поэзиясының алыбы, жырау, жыршы Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай «Жыры әлемді шарлаған – Жамбыл» тақырыбында ұйымдастырылған кітап көрмесінің ашылуы өтті.

Шара барысында 2 ақпан күні жарияланған «Жүз жасаған бәйтерек» атты облыстық онлайн эсселер байқауы қорытындыланды. Байқауға 52 талапкер қатысып, олардың арасынан арнайы маман сарапшылар үздіктерін анықтап, байқау жеңімпаздары арнайы алғыс хаттармен, сый-сияпаттармен марапатталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<