Блогер Ерке Ниязқұлова оқырмандарынан сүйінші сұрады

319

0

Фото: ашық дереккөз

Блогер Ерке Ниязқұлова 4-ші сәбиіне жүкті екенін айтып оқырмандарынан сүйінші сұрады.

Ол бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

“ Бұйырса біздің отбасымызға +1 сәби. Сторизде бір күн бар , бір күн жоқ болуымның себебі де осы..
Неше ай сіздерге әне айтам міне айтам деп жүргенде соңғы кезде внимательный оқырмандарым ішімді байқап дайректті шулатып жатыр.

Жүкті әйелдің мәртебесі – өте жоғары. Пайғамбарымыз (ﷺ) бұл туралы: «Әйел құрсақ көтерсе, оған Алла жолында күнімен ораза ұстап, түнімен намаз оқығанның сауабы жазылады. Ал босанар уақыты жақындап, қиналған сәтте, Алланың ешбір жаратылысы ол әйел үшін қаншалықты сый-сияпаттың әзірленгенін білмейді.

Дүниеге нәресте әкеліп, көкірегіндегі сүтімен баласын емізген әр сәті үшін, нәрестенің әр емгені үшін де марапатталады» деген сөздері жаныма жұбаныш болуда . Сәби аңсап жүрген қыздарыма да жұғысты болсын, – деді ол.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<