Италияда Тунистен келген 45 мигранты бар қайық Лампедуза аралының маңында суға батып кетті. Тек 11 жасар қыз аман қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Құтқарушылар қызды түнде суық судан тапты. Қызметкерлер қызды айқайлаған дауысын естіп тапқан. Аман қалу үшін ол көлік дөңгелегіне мініп, бар күшімен көмек шақырған. Болжам бойынша ол дәл осылай бірнеше сағат өткізген.
Қыз қатты үскенімен құтқарылып, дәрігерлерге берілді. Қалған жолаушыларды іздеу Жерорта теңізінде жалғасып жатыр. Мамандар босқындардың кемесі екі метрлік толқынды дауылдың салдарынан аударылып кетуі мүмкін екенін болжап отыр.
Олар мұндай жағдайда біреудің тірі қалуы нағыз ғажайып екенін алға тартты.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<