Күзгі ағаш егу жұмыстары басталуда

215

0

Фото: Шиелі ауданының әкімдігі

Республикалық «Таза Қазақстан экологиялық акциясы» аясында аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес, Шиелі ауданының әкімі А.Жандарбековтың ұйымдастыруымен күзгі көгалдандыру жұмыстары бастау алды.

Шиелі ауданындағы қасиетті жеті әулие жатқан жердегі 4,5 гектар аумақ шаруа қожалықтарының демеушілігімен тазаланып, ағаш түптелі шапталып, арнайы тал егетін аумақ ашылуда. Аталған аумақ талапқа сай қоршаланып, арықтар қазылып, 2500-нан астам тамырлы көшеттер отырғызылатын болады.

Сонымен қатар, арнайы 2 шақырым жерден жап қазылып аяқ су тартылуда.

Ал, кентке Ақмая ауылдық округінен кіре берістегі аспалы көпір айналасынан да демеушілердің көмегімен арнайы 1,5 гектар жер лазермен тегістеліп, жері дайындалуда. Аталған аумаққа 700 түп ағаш егіледі деп күтілуде.

Одан өзге, ипотекалық үйлер салынып жатқан үлкен жолдың бойынан 0,6 гектар жерге 500 түп тал егу жұмыстарына жер дайындалуда.

Күзгі ағаш егу науқаны ай бойы үздіксіз жүргізіліп, ауданымызды жасыл-желекке айналдыру белсенді жүргізілмек.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<